Талғат Ермегияевқа сот үкімі 9 маусым күні шығатын болды

24 просмотров

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының экс-төрағасы Талғат Ермегияевқа үкімді сот ертең — 9 маусым күні оқиды. Компанияның бұрынғы басшысы мен оның сыбайластарына қазынаның миллиардтаған қаржысын талан-таражға салды деген айып тағылуда.

Айта кетейік, бұған дейін Ермегияевтің үкімі 10 маусым күні оқылады делінген болатын. Алайда, судья бұл мерзімді бір күнге қысқартып отыр.

Естеріңізге салайық, 3 маусым күні Талғат Ермегияев соттағы соңғы сөзін айтқан болатын. Ол өзінің кінәсіз екенін, тағылған айыптарды мойындамайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ, өзінің кінәсіз екенін дәлелдейтін құжаттардың бар екенін, бірақ, мемлекеттің қауіпсіздігі үшін оларды жарыққа шығармайтынын да айтқан.

Талғат Ермегияевқа «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясына тиесілі 10,2 млрд теңгені жымқырды деген айып тағылып отыр. Күдіктінің өзі бұл айыптармен келіспесе де прокурорлар оның қаражатты талан-таражға салғанына сенімді және 14 жыл бас бостандығынан айыру керек деп есептейді.

Дереккөз: sn.kz

Загрузка...