Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Талғат Ермегияев 14 жыл бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Атышулы іс  бойынша басты күдіктіге жалпы алғанда „4,2 млрд теңгені„ жымқырды деген айып тағылып отыр.  Айыптаушы тараптың  дәйектері бойынша,  ол қызмет бабын пайдалана отырып, ақша жымқырған.

– Айтылғандардың (ұсынылған айғақтар – ескерту) негізінде  соттан Ермегияев Талғат Амангелдіұлын  ҚР ҚК 311-бабы 5-бөлімі бойынша кінәлі деп тауып,  мүлкін тәркілеп, 14 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды, ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлімі 2-тармағы бойынша  белгілі бір лауазымдарды атқаруға немесе белгілі бір қызмет түрімен айналысуға өмір бойы тыйым сала отырып, 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраймын.

ҚР ҚК 58-бабы 3-бөлімі негізінде 14 жылға бас бостандығынан айыру жасасын тағайындауды сұраймын. Жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтесін», – деді Әлібек Айтжанов.

Аталған істе қамқоршылық жасағаны үшін мердігер компаниялардан пара алуға қатысты бес ірі эпизод айқындалды.

Оның ішінде «Rona LTD» жобалық ұйымынан алынған пара мен көрме аумағынан коммуникациялық желілерді шығару кезіндегі ақша ұрлығы да бар.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз