Талғат Донақов ҚР Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары болды

37 просмотров

Әділет министрі болып кеткен Марат Бекетаевтың орнын Талғат Донақов басты.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.

„Талғат Советбекұлы Донақов Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалсын„ делінеді Елбасы қол қойған Жарлықта.

Талғат Донақов алдында ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министр болған. Қазір бұл министрлік қайтадан құрылымдалып, Елбасыға тікелей бағынатын агенттікке айналды.

Загрузка...