Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Талғат Байсуфинов футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып тағайындалды

Атап айтқанда, Байсуфиновке Нүркен Мазбаев, Юрий Новиков және Андрей Феропонтов сынды өз мамандарымыз көмектеседі. Алайда, дене дайындығы жөніндегі, яғни күш-қуат жетілдіру жаттықтырушының шетелдік маман болуы мүмкін екен. Жаңа бас бапкерді таныстыру жиынында Қазақстан футбол федерациясының президенті Байсуфинов бастаған бапкерлер құрамына 2018 жылғы әлем чемпионатының жолдамасын жеңіп алып тапсырылып отырғандығын мәлімдепті. Әрі бас бапкердің өз клубында да бас бапкерлік қызметті қоса атқармайтындығын, тек ұлттық құраманы жасақтап, дайындаумен айналысатындығын жариялаған.

Бұл ретте, «Ақжайық» клубының басшыларымен келісіп, олардың бұл мәселеге түсіністікпен қарап, Байсуфиновті бағын байламай, жібергендерін де тілге тиек еткен. Талғат Байсуфинов болса, бірінші кезекте жағдайды түсініп, өзін қызметінен босатқан «Ақжайық» клубының басшыларына алғыс білдіріп, құраманың алдына қойылған биік мақсат жайлы: – Біздің алдымызға қойылған мақсат – асқақ арман.

Бірақ неге сол арманға қол созып, талпынып көрмеске?! Біз оған өз істерін жақсы білетін бапкерлер кеңесімен қол жеткізуге тырысатын боламыз, – депті. Естеріңізге сала кетейік, Талғат Байсуфинов 11 наурыздан бері Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері міндетін атқарып келді.

Осы уақытқа дейін біздің құрамамен үш рет жолдастық кездесу өткізді. Өзі жасақтаған ұжыммен Әзірбайжан мен Қытай құрамаларын жеңіп, Грузия футболшыларымен тең түсті. Күзден бастап Қазақстан ұлттық құрамасы 2018 жылғы әлем чемпионатының електік додасында бақ сынайды. Алғашқы ойын 4 қыркүйек күні Астанада Польша құрамасымен өтуі керек.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз