Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Талғарда оқушы жол қозғалысы инспекторларының республикалық слеті өтіп жатыр

Слеттің ашылу салтанаты 19 тамыз күні өтіп, ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жанат Әбдірахманов қатысушылар мен қонақтарды шараның ашылуымен құттықтап, сәттілік тіледі.

Слет бағдарламасында 10 номинация бойынша мынадай байқаулар қамтылған: саптық қарау, жас реттеуші, жол қозғалысы ережесінің білгірі, жас санитарлар, эрудиттер турнирі, үгіт-бригадалар байқауы, «Менің жасағым» таныстыру конкурсы, велосипедті мәнерлеп айдау, велосипедті автоқалашықта айдау.

Сонымен қатар, слет барысында жергілікті полиция қызметкерлерінің арасында «Үздік үгітші» байқауы өтеді. Байқауда қызметкерлер жол қозғалысы ережелері бойынша білім деңгейлерін көрсетіп, автокөлікті мәнерлеп айдау, жол-көлік оқиғалары кезінде алғашқы көмек көрсету бағытында бақ сынайды. Білім беру саласының қызметкерлері арасында да «Ашық үзіліс» конкурсы өтеді.

Слеттің жабылу салтанаты 25 тамызға жоспарланған, онда слет жеңімпаздары марапатталады.

Слетке «Халық қаһарманы» Ғазиз Байтасовтың есімі берілген. Ол – Жамбыл облысы ішкі істер департаментінің жол полициясы басқармасының взвод командирі, террористің гранатасын кеудесімен жауып, ондаған адамды өлімнен арашалап қалған батыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз