Алматы облысы Талғар қаласы әкімдігінің аппаратына қатысты бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу фактісі бойынша тергеу жұмыстары басталды.
Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті хабарлайды.
Ведомствоның мәліметінше, Талғар қаласынан қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруда әкімдік пен қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен айналысатын кәсіпорындар арасында өзара міндеттеме қабылдау туралы келісімшарт жасалып, бәсекелестікті бұзу белгілері байқалған.
„Мұндай жағдайда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару нарығында бәсекелестік шектеліп, нарықтан басқа да потенциалдық қызмет көрсетушілер шеттетілген. Ал тұтынушылар қызмет көрсетушіні таңдау еркіндігінен айырылған„ делінеді алдын ала жарияланған хабарламада.