Такси жүргізушісі салонда қалып кеткен 20 мың долларды иесіне қайтарып берді

488 просмотров

Тайлық Накхонратчасима провинциясынан 62 жастағы такси жүргізушісі Вимол Трипат көлік салонында ұмыт қалдырған 20 мың долларын клиентке қайтарып берді.

Бұл туралы шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап, ҚазАқпарат хабарлады.

Дэвид Коллинсон ақшаны жұбайына беру үшін Австралиядан Бангкокқа ұшып келген. Ол әуежайдан Мор Чит автовокзалына дейін жеткізу үшін мистер Трипатты жарты күнге жалдаған. Австралиялық үйіне жеткен кезде ол конвертпен ақшаны көлікте ұмытып кеткенін бір-ақ білген.

Адал жүргізушінің айтуынша, Коллинсоннан кейін ол тағы бір клиент тасыған. Көлігін тексергенде, сол жақ орындықтан ақшаны көрген ол бірден иесіне қайтаруға асыққан.

Такси жүргізушінің адалдығына таңданған Дэвид оған шағын сыйлық жасады, деп жазады life.ru.

Загрузка...