Тайжан: «Елді дағдарысқа түсірген Үкіметтің өзі»

99 просмотров

Қазақстан экономикасындағы тұрақсыздықтың себебін экономист Мұхтар Тайжан өзгеден емес, өзіміздің биліктен іздейді.

Бұл туралы Тайжан  qamshy.kz порталына берген пікірінде айтыпты.

– Экономикалық саясат өзгермей, теңгенің аяғынан нық тұруы мүмкін емес. Себебі, біздің биліктің ұстанып отырған саясаты бұрыс. Біздің валюта неге тек қана мұнайға бағынышты? Өйткені бізде басқа өндіріс дамымаған. Жоқ.

Ал, жеңіл өнеркәсіптің, басқа өндірістің дамымауының себебі неде? Үкіметтің жүйесіз экономикалық саясат жүргізуінде. Біздің биліктің бұл үрдісті өзгертуге ниеті де жоқ. Ниет болса, бәрін қайта бастауға мүмкіндік туар еді. Ол үшін монополизмді жою қажет.

Алдымен адалдық қажет. Адал бәсекелестік орта қалыптастыру ләзім. Және он жылдан бері экономикамен айналысып келген министрлерді түгел отставкаға жіберу керек. Ал, мына министрлердің қолынан түк келмейді. Он жыл отырды. Мұнай бағасы жоғары болған тұста да тағында еді. Не бітірді? Есесіне сыртқы қарыз 30 пайызға өсіп кетті.

Яғни, экономикамен айналысқан министрлер халықтан кешірім сұрай отырып отставкаға кетуі тиіс. Он жылдың нәтижесі өте нашар.  Бізді осындай дағдарысқа душар еткендер бізді одан қалай алып шығады? Мүмкін емес жағдай.

Экономикасы тек «қара алтынға» қараған халықтың ертеңі айтпаса да түсінікті. Қарапайым ғана, егер мұнай бағасы 30 долларға төмендейтін болса, доллар бағасы 400 теңге болады. Ал, бұған біздің Үкімет еш арашашы бола алмайды.

Экономистің ойынша, осындай келеңсіздіктер нәтижесінде азық-түлік, киім-кешек, дәрі-дәрмек, тіпті транспорт пен коммуналдық қызмет құны да қымбаттайды. Өмір сүрудің өзі қыруар қаржыны қажет етеді.

 

Загрузка...