Тафгай Дамир Рыспаев сарбаз болып жүр

27 просмотров

Көктемде «Барыс» хоккей клубының ойыншысы, тафгай атанып кеткен Дамир Рыспаевқа әскер қатарына шақыру туралы қағаз келген.

 

photo_175781

«Мен — өз елімнің азаматымын. Азамат ретінде әскер қатарындағы борышымды міндетті парыз деп санаймын. Халық пен ел игілігі үшін Қазақстан армиясында әскери борышымды өтеу мен үшін үлкен абырой»,

— деді Рыспаев бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында.

Айта кетейік, биыл «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф ойындарына шыға алмады. Алайда тафгай Дамир Рыспаев бірнеше танымал хоккейшімен жұдырықтасып, лиганы біраз шулатқан болатын.

Загрузка...