Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Тақырбас Еспановтың түрінен қыздар қорқып кетті

797

Иә, ресейлік әнші Дима Маликов секілді басын бір жағына сілтеп, жалбыр шашын бір қозғап қоятын Нұрлан Еспанов өзінің осы фишкасынан жұрдай болды. Ел алдында жүрген адам үшін тұрақты образ маңызды екені сөзсіз. Міне, осындай тұрақты образын күл-талқан еткен Еспанов, айды аспаннан бір-ақ шығарып, тақыр бас суретін Іnstagram-дағы жеке парақшасына жариялады.

Әнші: “Съемкадамыз! Жаңа шаш үлгiсi!”, – деп жазды әлеуметтік желідегі өзінің жеке парақшасында.

Тақырбас әншінің суреті жариялана салысымен, әлеуметтік желіні қолданушылар шу ете түсті. Әрине, олар басында қабылдай алмай, „мынау несі„ деп жатты. Біреулер оны „Фонтомас„ деп келемеждеді. Тағы бірі „Мүлде жараспайды„ деп ойын ашық айтты.

Ал нәзік жандылар қауымы бұл суреттен қорқып кетті. Ішінде батырлық танытқандары: „Бұл маска ғой, құлағының жанын дұрыстап қарасаңдаршы, шашы көрініп тұр„ деп, өз-өзін алдауға тырысты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз