Түрік депутаты: Орыстың тағы бір ұшағын атып тастау керек

49 просмотров

Түркия Парламентінің депутаты Шәміл Тайяр Twitter-дегі жеке парақшасындағы „тағы Ресей ұшағын атып түсіру керек„ деген жазбасын қалжың деп түсіндірді. Бұл туралы бүгін түрік саясаткері ТАСС ақпарат агенттігіне берген сұхбатында мәлім етті.

shamil_tayar

Саясаткер бұл мәлімдемесімен баскетболдан Еуролига финалында  Ыстамбұлдың „Фенербахчасы„ Мәскеудің ЦСКА-сынан  жеңіліп қалғаннан кейін жерлестерінің „түскен көңіл-күйін көтергісі„ келгенін айтқан.

„Төреші біржақты шешім қабылдап, ол ойынның нәтижесіне әсер етті. Бұл Түркия азаматтарының түсінбеушілігін туғызды„

— дейді ол.

15-мамырда ЦСКА Фенербахчаны 101:96 есебімен ұтты. Сөйтіп, Ресей баскетболдан Еуролиганың жеңімпазы атанды.

Қос команданың кездесуін қорытындылаған түрік депутаты Twitter-дегі жеке парақшасында: „Ресейдің ұшағын тағы атып тастағың келеді!„ деп жазған. Бұл жазба әлеуметтік желіні қолданушылардың қызу талқысына түскен. Олардың көпшілігі „мұндай жазба РФ мен Түркия қарым-қатынасына түскен сызатты одан сайын тереңдете түседі„ деп пікір білдірген.

Загрузка...