Тағы да дауыл соғып, шатырлар қирады. Бұл жолы Атырау облысында

26 просмотров

Атырау облысының Индер ауданында жел жылдамдығы секундына 20 метрден асып, бірнеше тұрғын үйдің шатырын жұлып әкетті.

«Әуезов атындағы мектеп пен спорт кешені ғимараты ішінара зақымдалып, шатыры бұзылды. Сонымен қатар екі көшедегі жеке үйлердің шатырларына зақым келтірілді. Адамдар арасынан жапа шеккендер жоқ. Қазір келтірілген залал көлемі анықталып жатыр», — деп хабарлайды Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Алдында Оңтүстік Қазақстан облысындағы Отырар ауданы мен Түркістан қаласында қатты дауыл соғып, шатырлар қирап, ағаштар құлаған. Бірнеше ондаған үйге зақым келген.

Загрузка...