„Дедовщина„ құрбаны — Сарыөзекте тағы бір сарбаз мерт болды

1 534 просмотров

Алматы облысы Сарыөзек ауылындағы әскери бөлімшеде әскери міндетін өткеріп жүрген Даниэль Сайфуллин мерт болды. Қазір солдаттың өліміне қатысты әскери тергеу комитеті тексеру жүргізіп жатыр.

Бұл туралы „Тумба„ жергілікті басылымында жазылады.

Даниэль Сайфуллин Маңғыстау облысы Маңғышлақ аулынан әскери борышын өтеу үшін әскерге өз еркімен аттанған. Мерт болған солдаттың анасы Инга Сайфуллина бір күн бұрын баласымен сөйлескенін айтады.

„Мама, менде бәрі жақсы, биыл келген балалардың барлығы бір казармадамыз, үлкендермен қатысымыз жоқ„ деген екен ол.

Алайда оны екі „үлкен„ солдат казармада емес, көшеде тапа-тал түсте ұрып тастаған. Басқа қатты зақым келіп, тамырлары жарылып кеткен. Дәрігерлер оны аман алып қала алмапты.

Сетек Шамшырақов, Маңғыстау облысы қорғаныс істері жөніндегі жетекшінің міндетін атқарушы:

— Жоғары деңгейде тергеу жүріп жатыр. Біздің жігіт мамыр айында әскерге шақырылған, ол комиссиядан мүдірмей өтіп, денсаулығы әскерге жарамды деп танылған. Қазіргі кезде екі солдатты тергеу орны қамап, олардан жауап алып жатыр.

Загрузка...