Ақтөбеде 6 жасар бүлдіршін қорланды. Бұл ауыр қылмысқа кішкентай қыздың өгей әкесінің ағасы күдікке ілініп отыр.
Жан ауыртар бұл жайт 15-қыркүйекте шамамен кешкі сағат 21.00 кезінде қыз тұратын жер үйде болған.
Қансыраған қыз баланы 10 жасар ағасы сарайдан тауып алып, бірден бұл жайтты ата-анасына жеткізген. Олар полиция шақырған. Медициналық сараптама балақайға сексуальдық зорлық-зомбылық жасалғанын растады деп жазады жергілікті басылым – Диапазон.
Диапазон басылымының жазуынша, күдікті бірден ұсталған. Ол кешкісін туысының үйіне қонаққа келген өгей әкенің ағасы болып шықты. Ол – 30-дан асқан ер адам.