Бейжің мен Лондонға барған тағы 45 спортшы допинг қолданғаны белгілі болды. Бұл туралы мәліметті Халықаралық Олимпиада комитеті таратты.
Аталған мәліметке сүйенсек, Бейжің мен Лондон олимпиадаларына қатысқан спортшылардың допинг сынамаларын қайта тексерген кезде 45 спортшының қанынан тыйым салынған препарат белгілері табылған, деп хабарлайды Қазақпарат.
ХОК ақпаратына сүйенсек, бірінші және екінші тексеру кезінде 1243 сынама тексерілгенін, алдағы уақытта әлі екі тексеру жұмыстары бар екені айтылған.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) қазақстандық ауыр атлет Илья Ильиннің Бейжің мен Лондон Олимпиадалары кезінде, ал Зүлфия Чиншанло, Мая Манеза және Светлана Подобедова үшеуі соңғы Олимпиадада допинг қолданды деп, жарыстардан шеттеткен болатын.
Бұл аты аталған спортшылар биылғы Рио олимпиадасына қатыспайды.