Тәжіктер мықты! Қытайлық кәсіпкердің бизнесін тартып алыпты

209 просмотров

Тәжікстандағы қытайлық кәсіпкер Соғды облысының Гүлістан қаласына жақын маңдағы сүрме өндіру кәсіпорынын күшпен тартып алғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл кәсіпке ол 1 миллион доллар құйған.

Қытайлық кәсіпкер Джен Ху А Тәжікстанда «Лен Ху А» компаниясы мен Қытай мәдени орталығына иелік етеді. Кәсіпкердің айтуынша, оның әріптесі — «Азия тур» компаниясының жетекшісі Каромат Содикова аталған кәсіпорынды жалған құжаттармен кепілге қойып, енді бұл нысандар «Ориенбанкте» кепілде жатыр.

Қытайлық кәсіпкердің айтуынша, банктен 1 миллион алған Содикова қарызды қайтармай жүр. Нәтижесінде банк бұл қаражатты Джен Ху Адан талап етіп отыр.

Кәсіпкерлердің соттасып жүргендеріне екі жыл болды.

Дегенмен Каромат Содикова қытайлық кәсіпкердің талаптарын жоққа шығарып, өзін зардап шегуші ретінде көрсетті. Жанжал кесірінен кәсіпорын қызметі тоқтатылып, 130 адам жұмыссыз қалды.

Загрузка...