Тәжікстанның мемлекеттік құрылымдары «үнемделген» қаражатқа… Lexus сатып алған

19 просмотров

Тәжікстан қаржы министрлігі бюджет шығындарын қысқарту мақсатында қызмет автокөлігі мен жиһаз сатып алуға, сондай-ақ мекемелер ғимараттарын жөндеуге шектеу қойды.

Дегенмен Мемлекеттік тауар сатып алу жөніндегі агенттіктің есебі бойынша, мемлекеттік мекемелер бюджет қаражатына қызмет автокөлігі мен жиһаз сатып алуын доғарар емес. Мысалы, 29 шілдеде Ішкі істер министрлігінің өртке қарсы қызметі Lexus RX 350 автокөлігін 109 мың 315 сомониге сатып алған. Сәуір айында ІІМ-нің Бободжон Гафуров ауданының бір бөлімшесі (маркасы белгісіз) 85 мың сомониді қызмет автокөлігіне жұмсаған. Осындай мысалдар толып жатыр.

Тендерлер тізімінде 2016 жылы биліктің жиһаз және техниканы сатып алуда бюджет қаражатын аямағаны байқалады. Варзоб, Файзабад, Бободжон Гафуров аудандарының әкімшіліктері, Бас прокуратура, Ауыл шаруашылық академиясы жиһаздарын жаңартқан.

Қаржы министрлігінің мәліметі бойынша, биыл экономикалық дағдарыстың тереңдеуінен мемлекеттік бюджет кірісі күрт азайды. Жақында Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон мемлекеттік шығындарды 450 миллион сомониге азайтуды және өзгерістерді биылғы жылдың бюджетіне енгізуді тапсырды.

Загрузка...