Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Тәжікстанда соңғы қоңырау өткізуге тыйым салынды

Тәжікстан білім және ғылым министрі Нуриддин Саид “барлық мектептерде соңғы оқу күні – 7 маусым” деген жарлыққа қол қойды. Осыған байланысты салтанатты жиынның орнына сабақ өтпек.

«Барлық білім беру мектептерінде 9 және 11-сынып түлектеріне арналған «Соңғы қоңырау» жиынын өткізуге тыйым салынсын», – деген жарлықтан үзінді келтірген жергілікті БАҚ.

34 аптадан тұратын оқу бағдарламасын толықтай қамту үшін осындай шешім қабылданып отыр. Себебі биыл тәжік билігі күннің аяздап тұрып алуына байланысты оқушылардың қысқы демалыс күндерін созуға мәжбүр болған еді.

Өткен жылы тәжік мектептерінде соңғы қоңырау шарасы 45 минутқа ғана созылды. Алғаш рет оған мектеп оқушыларының ата-аналары қатыстырылмаған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз