Тәжікстанда «қауіпсіздік» себебімен жеке пошталар тексеріле бастады

23 просмотров

Тәжікстанның Бас прокуратурасы ұлттық қауіпсіздік органдарындағы заңның орындалуын қадағалау басқармасының басшысы Абдурахим Абдулхасанов терактінің алдын алу үшін әлеуметтік желілерді, электронды пошталар мен мессенджерлерді тексеруге мәжбүрміз дейді.

Азаматтардың жеке пошталарын тексеру қаншалықты заңға сәйкес деген сауалға, шенеунік, «интернетті бақылау қазіргі қолданыстағы заңдарға сәйкес жүзеге асады» деп жауап берді.

Тәжікстан парламенті төменгі палатасының заңнама және адам құқықтары жөніндегі комитеттің мүшесі Азизмухаммад Холмухаммадзода арнайы органдардың ғаламторды бақылауын қазіргі кездегі терроризм қаупімен түсіндіреді.

Оның сөздерінше, өткен жылы қараша айында «Терроризммен күрес жөніндегі» заңға өзгерістер енгізілген. Онда мемлекеттік органдарға антитеррорлық операция кезінде елдегі барлық ұялы байланыс пен интернетті бұғаттауға мүмкіндік береді.

Үстіміздегі жылдың басында Тәжікстан ақпараттық технология мен кибертерроризмді пайдаланып жүргізілетін қылмысқа қарсы орталық құруға ниет бар деп мәлімдеген. Тәжік билігі террористік ұйымдар жастарды өз қатарына қосу үшін әлеуметтік желілер арқылы жұмыс істейді деп бірнеше рет мәлімдеген болатын.

Загрузка...