Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Тәжікстанда 82 жастағы кейуана сот арқылы ұлынан алимент талап етті

Соңғы бес жылдан бері отырып-тұруым қиындады деген Сангин Мирзоева үміт артқан үлкен ұлының материалдық тұрғыдан көмектеспейтінін айтады. Сол себептен аудандық сотқа шағымданып, ай сайын ұлынан 300 сомони (шамамен 43 АҚШ доллары) алимент талап еткен.

«Мен мүгедекпін, ұлым маған көмектеспейді. Сотқа әрең бардым, олар 70 сомони төлеуге шешім шығарды. Бірақ бұл өте аз. Ұлым да, оның үлкен ұлдары да жұмыс істейді. Мен оны өсірдім, үйлендірдім, маған жасаған жауабы осындай», – деп күрсінеді кейуана.

Сангин Мирзоева жастайынан жесір қалған. Жалғыз өзі алты баланы өсірген. Екі ұлы азаматтық соғыс кезінде қайтыс болған. Қазір әйел кіші ұлымен тұрып жатыр. Екі қызы да ажырасып үйіне келген.

Сот ісін жүргізген судья Саидмахмуд Гулзода ұлдарынан алимент талап еткен екінші жағдайды қарағанын айтады. Оның сөздерінше, сотқа балаларынан қамқорлық көрмеген әкелер, аналар арызданады. Олардың да шағымдары қанағаттандырылған.

b4934195-66a2-4553-859d-1a6733fac5c9_cx31_cy4_cw52_w987_r1_s_r1

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз