Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Тәжікстан оппозициялық партия лидерін Интерполға іздеуге берді

Министр тыйым салынған партия жетекшісіне нақты қандай айып тағылғаны туралы ештеңе айтпады, бірақ саясаткердің бас сауғалауы мүмкін елдермен жергілікті полиция бірлесіп жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

«Жалпы 342 Тәжікстан азаматы Интерполдың іздеуінде жүр, олардың 275-і экстремистік және террористік ұйымдардың мүшелері», – деді министр. Дегенмен Интерпол сайтында 160 Тәжікстан азаматы іздеуде тұр, олардың ішінде Мухиддин Кабиридің есімі жоқ.

Тәжікстан билігі 2015 жылы қыркүйектегі қарулы бүлікке жауапкершілікті Ислам өркендеу партиясына жүктеп, саяси партияны мемлекеттік төңкеріс жасауға талпынды деп айыптады. Биыл маусым айында аяқталған сот процесі Кабиридің екі орынбасарына өмірлік жаза тағайындады, қалғандарын екі жылдан 23 жылға дейін соттады. Партия мүшелері бұл айыптарды жоққа шығарды. Кабири 2015 жылғы көктемдегі парламент сайлауынан кейін Тәжікстаннан кетіп қалған еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз