Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Тәжік салафиттерінің көсемі 8 жылға сотталды

Рудаки ауданының 43 жастағы тұрғыны Мұхаммади Рахматулло биыл ақпан айында қамауға алынды. 2011 жылы ол Исламабадтағы Халықаралық ислам университетінің шариғат факультетін аяқтап, елге оралды.

Осыдан он жыл бұрын Тәжікстанда «Салафия» қозғалысының ықпалы күшейіп тұрған кезде, Рахматулло елдегі дәстүрлі дін өкілдерімен пікір-таластарда салафитшілердің бас насихатшысы болды. Ол өзін тәжік салафитшілерінің көсемі ретінде таныстырды.

2009 жылы Тәжікстанда «Салафия» діни қозғалысына тыйым салынған соң, Рахматулло көпшілік алдына көп шықпай кетті. Өткен жылы қаңтарда оның ұсталғаны туралы ақпарат тараған уақытта, елдің құқыққорғау органдары бұл мәліметті растамаған еді. Елдің ішкі істер министрі Рамазон Рахимзода өткен жылы қозғалыстың бірқатар белсендісі қамауға алынғанын мәлімдеді, бірақ олардың арасында Рахматуллоның бар-жоғын анықтап айтпады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз