Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Тәжік билігі “Ислам мемлекетінің” 516 жихадшысының кімдер екенін біледі

Тәжікстан президенті Хатлон облысындағы қылмыс деңгейіне ерекше алаңдаушылық білдірді. Оның айтуынша, соңғы тоғыз жылда және биылғы алты айда облыс аумағында 40 мың қылмыс тіркелген, олардың 8 мыңға жуығы – ауыр қылмыстар.

Президент құқыққорғау органдарынан қылмыс деңгейін төмендетуді, әсіресе халықтың экстремистік топтардың ықпалына түсіп кетуін доғаруды талап етті.

Тәжік жастарының Сириядағы, Ирактағы және көршілес Ауғанстандағы соғыстарға араласуы – Душанбе билігінің соңғы жылдардағы бас ауруына айналды. Тәжікстан билігі 1100 тұрғынның экстремистік “Ислам мемлекеті” ұйымына кіріп кеткенін мәлімдеді. Бұған қоса, 300 адам Таяу Шығыстағы соғыстарда қаза тапқаны хабарланды. Билік бұны қауіпті үрдіс деп есептейді.

Тәжікстан билігі Сирия мен Ирактан өз еркімен оралып, билікке берілген адамдарға рақымшылық жариялады. Билік “Ислам мемлекеті” және басқа да экстремистік топтар құрамында Сирия мен Иракта соғысып жүрген тәжіктердің тізімін Интерполға іздеуге берді.

3F42EEFB-DA99-486E-BC20-CB5EC74BC976_w987_r1_s

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз