Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Тәуелсіздік символы – Алтын адамды тапқан ғалым Бекмұханбет Нұрмұханбетұлы дүниеден озды

832

Бекмұханбет Нұрмұханбетұлы1969 жылы көрнекті ғалым Кемел Ақышев бастаған зерттеу тобымен  Қазақстан жерінен сақ жауынгері – “Алтын адамды” тауып, қазақтың көне сақ тайпасының мұрагері екенін дәлелдеді.

Биіктігі алты метр болатын сақ қорғанында алтын киімді адаммен қатар алтыннан жасалған төрт мыңнан аса әшекей, сонымен қатар алтын жүзік, қола және алтын қару, түрлі ыдыстар табылды. Осылайша қазақстандық ғалымдар тарихқа үлкен жаңалық әкеліп, әлемге өзге мәдениет өкілдері тас қашап, тері жамылып жүргенде сақтардың озық технологияны меңгеріп, өркениеттің озық елі болғанын паш етті.

Ежелгі өркениеттің көзі – Алтын адам Қазақстанның азаттық символына айналды. Оның тұлғасы Алматының бас алаңына орнатылды, көне жауынгер бөркіндегі қанатты тұлпарлар бейнесі елтаңбамызға енді. Сондықтан Бекмұханбет Нұрмұханбетұлының еліне қосқан еңбегінің үлесі өлшеусіз деп бағаланады.

Өз кезегімізде біз марқұмның отбасы мен туған-туыстарына қайғысына ортақтасып көңіл айтамыз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз