Тәуекел Мүсілім өз есімімен аталатын иіссулар шығара бастады

134 просмотров

Қазақстандық актер, модель, әрі тележүргізуші Тәуекел Мүслім өз есімімен аталатын әтірлер шығара бастады.

Bouquet de Parfums француздық компаниясы Қазақстандағы ресми дестрибьюторы MSLM компаниясымен бірге Tauyekel Mussilim брендімен иіссулар шығара бастады. Қыз-келіншектерге арналған алғашқы әтір «Асылым», ерлер иіссуы «Кемел» деп аталды. Олар Қазақстан дүкендеріне сатылымға 1 қазан күні түседі деп жоспарлануда.

Бірақ Тәуекел Мүслімнің компаниясы қазірдің өзінде алдын ала тапсырыстарды қабылдау үстінде. Қазақстандық брендпен шығарылатын тұңғыш әрі жалғыз француздық парфюмериялардың бағасы 11 900 теңге.

Тележұлдыз өз туындыларының таныстырылымын жуырда Астанада, Алматыда, Бішкек пен Ташкентте өткізуді жоспарлап отыр. Ол Инстаграмдағы парақшасында жанкүйерлерін тұсаукесерге қатысуға және жеңілдікпен берілетін алдын ала тапсырыстарды жасауға шақыруда.

screenshot_2016-09-22-15-25-36-1

tm-men-site-new-1

tm-women-site

Дереккөз: Қазақпарат

Загрузка...