Тұтынушылар Samsung Galaxy Note 7 смартфондарын қайтарып жатыр

77 просмотров

Samsung Galaxy Note 7 смартфондарының жарыққа шыққанына көп уақыт бола қойған жоқ. Алайда аталмыш ұялы телефондардың айналасындағы шу толастар емес. Тіпті, бұл байланыс құралы жарылып, адам денсаулығына, өміріне қауіп төндіргендігі туралы ақпараттар да тіркелген болатын. Осыған байланысты Американың тұтынушылардың құқығын қорғау ұйымы Samsung Galaxy Note 7 смартфондарын ресми түрде кері қайтара бастады.

Бұл туралы ВAQ.kz хабарлайды.

Смартфонды сатып алған тұтынушылар оны жаңа телефонға ауыстырып немесе ақшасын қайтарып ала алады.

Galaxy Note 7 смартфонына қатысты туындаған дау кореялық компанияға қымбатқа түскелі тұр. Сарапшылар Samsung осы мәселеге орай 5 млрд долларынан айырылуы мүмкін деген болжам айтуда.

Блумберг агенттігінің есебіне сүйенсек, осы дауға байланысты Samsung бірнеше күн ішінде 22 млрд долларға арзандаған.

Бұған дейін АҚШ пен өзге бірқатар елдің билігі Galaxy Note 7 смартфондарын ұшақта қолдануға тыйым салған болатын. Себебі смартфонның батареясы қызып кетеді. Бірнеше мәрте жарылған.

Енді компания әлем бойныша 2,5 млн телефонын кері қайтарып алмақ.

Естеріңізде болса, тамыздың соңында Galaxy Note 7 сатылымы тоқтатылып, қосымша сынақтар жүргізілетіні хабарланған болатын. Кәрістер жөндеуден өткен Galaxy Note 7 телефонын 20-шы қыркүйектен бастап сатылымға шығаратын болады. Алайда ол Samsungтің әлемдік қолданушыларына толық таратыла ма, жоқ па ол әзірге анық емес.

galaxy-note-7-1200x801

Загрузка...