Түркияның оңтүстігіндегі жарылыстан алты адам қаза тапты

31 просмотров

Түркияның оңтүстігінде жарылған автокөлік салдарынан төрт полиция қызметкері және екі тұрғын қаза тапты. Түрік билігінің хабарлауынша, шабуыл Дьярбакыр провинциясындағы халық көп шоғырланған аудандағы полиция бөлімшесі маңында жасалды.

Өткен жылдың шілдесінен бері бұл провинцияда қауіпсіздік күштерінің күрді қарулы топтарымен қақтығыстары жиілеп кетті. Соңғы мәліметтер бойынша, шабуылдан 25 адам зардап шекті, олардың сегізі — полиция қызметкері.

Түркия үкіметі шабуылды күрді жасақтары жасады деп отыр. Дегенмен жарылыс шауапкершілігін әзірге ешқандай ұйым мойнына алған жоқ.

Халықаралық дағдарыс тобының мәліметі бойынша, өткен жылы Анкара мен күрді жасақтары арасында бейбіт келісім үзілген уақыттан бері елде 1800 мыңнан астам полиция қызметкері мен бейбіт тұрғын түрлі шабуылдар салдарынан қайтыс болды.

Загрузка...