Түркиядағы әскери қақтығыстан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ — СІМ

23 просмотров

ҚР Сыртқы істер министрлігінің алдын ала мәліметі бойынша, Түркиядағы қақтығыстан зардап шеккендер мен қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ.

Мәліметтер тексеріліп жатыр. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі Твиттердегі парақшасында жазды.

Айта кетейік, Түркия билігі жұма күні кешке елде әскери төңкеріс жасау әрекеті болғандығын хабарлаған болатын. Ел президенті Ердоған бұны шағын бүлікшіл топ ұйымдастырып отырғанын айтып, халықты бүлікшілерге қарсылық көрсетуге шақырды. Соңғы мәліметтер бойынша оқиға салдарынан кем дегенде 60 адам қаза тапқан.

Түркиядағы ҚР елшілігінің мәліметінше, курортты қалалардағы жағдай тұрақты, әйтсе де демалушы қазақстандықтарға қонақүйден шықпауға кеңес берілді.

ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, Түркиядағы қазақстандықтар үшін жедел желі телефондары іске қосылған.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайларда Қазақстанның Түркиядағы дипломатиялық және консулдық мекемелерінде ашылған «жедел телефон желісіне» хабарласуға болады:

— ҚР елшілігі (Анкара қ.): +90-533-600-6092,
— ҚР бас консулдығы (Ыстанбұл қ.): +90-542-471-2211,
— ҚР консулдығы (Анталья қ.): +90-535-418-3532.

Загрузка...