Түркияда тағы теракт: 3 адам қаза болды (видео)

22 просмотров

Полиция бөлімшесі жанында мина қойылған автокөлік жарылды. 3 адам қаза тауып, 45 адам зардап шекті. 

Түркияның оңтүстік-шығысында орналасқан Диярбақыр қаласында орын алған жарылыс салдарынан жараланған 45 азаматтың 12-сі полиция қызметкері болса, 33 адам бейбіт тұрғындар. Зардап шегушілердің көпшілігі жарылыс болған уақытта сол маңнан өтіп бара жатқандар мен жақын жердегі дәмханалардың алдында ашық аспан астында тыныстап отырғандар болды.

Миналанған автокөлік жанынан Түркияның құқық қорғау органдарының қызметкерлері отырған автобус өтіп бара жатқанда  полиция учаскесінің алдында жарылып, көкке ұшқан.

Жарылыс салдарынан жақын жерде орналасқан ғимараттар да зардап шеккен. Әзірге жарылысты ешкім мойнына алған жоқ. Алайда, түрік БАҚ-тарында бұл жарылыстың артында елде тыйым салынған Күрдтердің жұмысшы партиясы тұрған болуы мүмкін деген пікір ұшырасады.

 

Загрузка...