Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Түркияда Құран оқудан өткен халықаралық жарыста Қазақстан екінші орын алды

410

Құранды жатқа оқудан 60-қа жуық елден келген 58 үміткер арасынан ақтық финалға суырылып шыққан жеті хафиз құрамында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының атынан жіберілген Шоқан Уәлиев те болды.

– Ақтық сайыс оңай болған жоқ. Қасиетті Құранның кез-келген жерінен қойылған сұраққа бес қари мүдірмей оқып шықты. Сондықтан, кімнің жеңімпаз екенін өзара топшылау қиынға соқса да бангладештік әріптесіміздің үздік екенін аңғардым, – деді Шоқан өз сөзінде.

Ыстамбұл қаласында бір аптаға созылған Құран сайысында бірінші орынды Бангладеш елінен келген хафиз иеленсе, екінші орынды Шоқан Уәлиев еншілеп, қазақ елінің атын асқақтатты. Ал үшінші орын Сомали елінің хафизына бұйырды.

Жеңімпаздарды марапаттауға Түркия президенті Режеп Таиб Ердоғанның өзі қатысып, қасиетті Құранға, қариларға деген ықылас-құрметін көрсетті.

Айта кетсек, “Нұр-Мүбарак” университетінің студенті Шоқан Уәлиев халықаралық сайысқа өткен жылы тұңғыш рет Малайзияда қатысып, 100-ге жуық хафиздың арасынан алғашқы ондыққа ілінген болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз