Түркияда барлау қызметінің 87 қызметкері жұмыстан шығарылды

35 просмотров

Түркияда ұлттық барлаудың 87 қызметкері жұмыстан кетті. Оларға дін уағыздаушы Фетхуллах Гүленмен байланысы бар деген күдік келтірілген. 15 маусымда мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырды деп айыпталған Гүлен бірнеше жылдан бері АҚШ-та тұрып жатыр.

Ресми баспасөздің хабарлауынша, ұлттық мекеменің жұмыстан шығарылған 52 қызметкеріне қарсы қылмыстық іс қозғалды. Осы ұйымның 141 жұмысшысы қызметтерінен түскен. Олардың жүзге жуығына тергеу аяқталды.

Осылайша Түркияның ықпалды билік институтында бірінші мәрте «тазалау» жүргізілді. Сәтсіз аяқталған бүліктен соң Анкараның шешімімен 100 мыңнан астам полиция, әскер және мемлекет қызметкері жұмыстан шығарылды.

Түркия АҚШ-қа Гүленді экстрадициялау туралы ресми өтініш жолдады. Вашингтон оның бүлікке қатысы барын дәлелдейтін айғақ сұрап отыр. Гүлен америкалық Пенсильвания штатында 1999 жылдан бері тұрады. Дін уағыздаушы бүлікке қатысы бар деген айыптарды жоққа шығарды.

71779fb7-c68a-47dd-a48e-b5bf9a3112e9_w987_r1_s

Загрузка...