Түркияда қаза тапқандар саны 200-ге жуықтады

75 просмотров

Түркия билігін әскери төңкеріс жасап, басып алмақ кезде 190 адам мерт болды.

Түркияның бас штабының міндетін атқарушы, генерал Үміт Дундардың айтуынша, көз жұмғандар ішінде 104 бүлікші, 41 полиция қызметкері, 2 әскери және 47 қарапайым адам бар.

Бұл туралы Meduza интернет ресурсы хабарлайды.

Сонымен қатар мемлекеттік төңкерсті жасауға қатысқан 2 839 әскери адам ұсталған.  Бұл туралы Түркия премьер-министрі Бинали Йылдырым мәлім етті. Ол төңкеріске қатысқандар тиісті жазасын алатынын қадап айтты.

Өткен түнде Түркияда әскери төңкеріс жасалмақ болды. Ол Анкара мен Ыстамбұл қалаларында орын алды. Күндіз Түрік билігі бүлікшілерді басып тастағанын мәлімдеді.

Загрузка...