Түркияда әуежайдағы терактіге қатысы бар тағы жеті адамды ұстады

30 просмотров

Түркия өткен айда Стамбулдың басты әуежайында орын алған терактіге қатысы бар деп тағы жеті адамды ұстады. Бұл іс бойынша қамауға алынғандардың саны 37-ге жетті деп хабарлайды түрік баспасөзі.

Түркияның мемлекеттік Anadolu ақпараттық агенттігі соңғы ұсталғандар «қарулы террористік топқа қатысты және адам өлтіруге қатысы бар» деп айыпталып отыр деп хабарлайды.

Жергілікті жекеменшік Dogan жаңалықтар агенттігінің ақпараты бойынша, соңғы жеті адам 10 шілде, жексенбі күні ұсталған. Олардың барлығы — шетелдіктер.

28 маусымда Стамбулдың Ататүрік әуежайында болған жарылыстан кемінде 45 адам қаза тауып, 240-тан астамы жараланды. Бұл терактіні бірде-бір ұйым жауапкершілігіне алмады. Түркия билігі жарылысты «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымы жасады деп есептейді. Түрік ақпарат құралдары үкіметтегі дереккөзге сүйеніп, шабуыл жасағандар Ресей, Өзбекстан және Қырғызстанның азаматтары деп жазды.

Загрузка...