Түркия әуе-жайының жұмысы қалыпқа келіп, әуе рейстерін қабылдай бастады

22 просмотров

Түркия премьер-министрі Бинали Йылдырым Ыстамбұлдағы Ататүрік әуежайы рейстерді қайта қабылдай бастағанын мәлімдеді.

Бұл туралы жергілікті түрік телеарнасынан хабарланды.

«Әуежайды аштық, әуеқатынасы қалыпқа келді», – деді премьер-министр.

Бұған дейін Ыстамбұлдағы Ататүрік әуежайы жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі сағат 8-ге дейін жабылды делінген болатын.

28-маусымда Ыстамбұлдағы Ататүрік атындағы әуежайда жарылыстар болды. Салдарынан 30-дан астам адам қайтыс болып, жараланғандар саны 100-ден асты. Соңғы мәліметтер бойынша, жарылысты «ДАИШ» террорлық тобы ұйымдастырғанға ұқсайды.

Загрузка...