Түркия билігі АҚШ-та тұратын оппозициялық діни уағыздаушы Фетуллах Гүленді қамауға ордер берді. Стамбул соты ол 15 шілдеде төңкеріс жасауға бұйрық берді деген қаулы шығарды.
Гүлен Түркияда билікті ығыстыруға қандай да бір қатысы барын жоққа шығарады. Ол Түркияда өзі басқаратын ұйымның тек ғана қайырымдылық шараларымен айналысатынан айтады.
Анкара Гүленді қайтаруды талап етеді. Бірақ АҚШ билігіне әлі ресми сұрау салған жоқ.
Бейсенбі күні Түркия президенті Режеп Эрдоған оппозиционермен байланысы бар барлық жекеменшік компаниялар табыстарынан айырылатынын мәлімдеді. Эрдоған Гүленге қатысы бар барлық ұйымдарды «терроризмнің ұясы» деп атады.