Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Түркия елшілігінің қызметкерлері қазақ-түрік лицейлерінен балаларын алып кетіп жатыр

Ердоған талабынан соң Астанадағы түрік елшілігінің дипломаттары да ұл-қыздарын элиталық мектептен дереу алып кетіпті. Ал осы лицейді басқаратын KATEV қоры Түркияға еш қатысы жоқтарын, тек Қазақстанның білім министрлігіне бағынатынын, мектепте дінді дәріптемек тұрмақ, намаз оқуға тыйым салынғанын айтты.

Дархан Өте, КАТЕV халықаралық қоғамдық қорының президенті:

-Біздің ешқандай сыртқы мемлекет, үкімет ұйымдармен немесе жеке тұлғалармен ешқандай қарым-қатынасымыз жоқ. Біз тек қана Қазақстан Республикасының білім заңнамасындағы зайырлы білім берумен айналысамыз. Біздің білім ошақтарын ешқандай саясатқа араластырудың қажеті жоқ деп ойлаймын.

Айдос Сарым, саясаттанушы:

– Бұл енді, шынын айту керек, Түркия мемлекетіне де, түрік дипломатиясына да абырой әпермейтін мәлімдеме болды. Қазақ-түрік лицейі деген аты болмаса, негізінен мемлекеттік мекемелер. Оның артынан Гүленді іздеу, немесе басқаны іздеу ақылсыздық.

Ал Түркия елшісінің өткен аптадағы «шұғыл шешім шығарыңдар» деген мәлімдемесінен кейін білім министрлігі 27 қазақ-түрік лицейінің жабылмайтынын қадап айтты. Яғни 1-ші қыркүйекте 10 мыңнан астам осындай білім ошағының шәкірттері оқуын жалғастыра береді.

Әйгерім Әлібекова, Білім және ғылым министрлігінің баспасөз хатшысы:

-Мұндағы жұмыс істеп жатқан мұғалімдердің 90-пайыздан астамы – Қазақстаннның азаматтары. Сондықтан сырттан басқа да бір ұйымдардың басқа мемлекеттің араласуына құқығы жоқ деп санаймыз.

Еліміздің сыртқы істер миинистрлігі халықаралық жанжал шықпасын деп отыр ма, әзірге үнсіз. Десек те, кейбір саясаттанушылар елді дүрліктірген Түркия елшісінің мәлімдемесінен кейін оны, сыртқы істер ведомствосы шақыртып алып, түсініктеме талап етуі керек еді дейді. Жаңа оқу жылының басталуына бір ай қалғанда мыңдаған шәкірт пен ата-аналарды толғантып қойған шудан соң КATEV қоры білім миинистрілігіне қазақ-түрік лицейінің атауын өзгерту туралы ұсыныс жасамақ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз