Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Түркияға төніп тұрған басты қатер – әскери төңкеріс емес, азамат соғысы – саясаттанушы

Оның пікірінше,

Түркиядағы бүлік ішкі саяси элита мен қоғамдағы Ердоғанның саясатына наразылардың күннен күнге өсіп бара жатқанының айғағы.

– Шағын әскери топ болса да олардың мұндай қадамға баруы олардың әбден ашынғанын байқатады. Өткен жылы Ақ партия тек екінші ұмтылыстан соң ғана парламенттен орын алып, үкіметтің құрамын құрай алды. Сол кезде Ақ партияның өз ішінде келіспеушіліктер туындай бастаған.

Салдарынан Гүл, одан соң Дәуітоғлы қызметінен кетті. Осылайша, Анкара әртүрлі сыртқы саяси авантюраға бой бере бастады. Сөйтіп аймақтық және ішкі саясатта көптеген қарама-қайшылыққа бой берілді. Елде ДАИШ пен күрд содырлары тайраңдай бастады.

Міне, осыдан кейін қоғам екіге жарылған. Түркияның іштегі осы әбден шатасқан “жібінің” ұшын тартқысы келетін сыртқы күштер де жетерлік. Сондықтан

бүгіндері Түркияға төніп тұрған басты қауіп-қатер – әскери төңкеріс емес, ел ішінде орын алуы ықтимал қақтығыс.

Ердоған билікті ұстап қалды, бірақ Түркия тұрақтылықты сақтай ала ма? Кешегі түнде Анкара мен Ыстамбұлда болған қайғылы оқиғадан туындайтын мәселе осындай, – дейді саясаттанушы өз жазбасында.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз