Түркістанда мектеп оқушылары оқ атып, «разборка» жасады

145 просмотров

2-ші қыркүйек күні Түркістандағы жоғары сынып оқушылары өзара «разборка» жасап, қарудан оқ атыпты. Үш балаға оқ тиіп, олар қазір ауруханада жатыр. Полицейлер әзірге екі күдіктіні ұстады, деп хабарлайды TVK.

«15 жастағы Бекжан Бақдаулет «разборкаға» 16-шы калибрлі аңшы мылтығын алып барса, ұсталған тағы бір жігіт — 18 жастағы Денислам Раушанбектен травматикалық тапанша тәркіленді»,

— деп хабарлады Түркістан қалалық ішкі істер бөлімінің бастығы Бахадыр Битурсынов.

Загрузка...