Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Түркістан шаһары түркі әлемінің мәдени астанасы болып жарияланды

144

Бұл шешім Шеки қаласында өткен ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы тұрақты кеңесінің XXXIV отырысында бірауыздан қабылданған. Алқалы жиынға ТҮРКСОЙ-ға мүше елдердің мәдениет министрлері, Түркі кеңесі, Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясы мен Халықаралық Түркі Академиясының өкілдері қатысты. Басқосуда ұйымның бір жылда атқарған іс-шаралары сараланып, алдағы жұмыс жоспары бекітілді.

Кемал Челик, Түркия ұлы ұлттық мәжілісінің экс-депутаты:

– Түркістанды білмейтін түрік кем де кем. Өйткені біз Қазақстанды атажұртымыз, ал Түркістан қаласын барлық түркі халықтарының мәдени және рухани орталығы ретінде ерекше қастерлейміз. Тарихи шаһарды ТҮРКСОЙ түркі әлемінің мәдени астанасы деп жариялады. Бұл жаңалыққа шын жүрегіммен қуанғанымды жасырмаймын. Себебі мұндай мәртебеге ол әбден лайық. Енді Түркістанға жиі-жиі қыдырып баратын боламыз. Бұл әрине, қаланың тыныс-тіршілігі мен туристік әлеуетінің артуына зор мүмкіндік ашпақ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз