Түркіменстанда газ, электр және суға жеңілдіктерді алып тастау ұсынылды

83 просмотров

Түркіменстанда ақсақалдар кеңесінің отырысында қатысушылар елде табиғи газды, электр және суды тегін пайдалануды алып тастау қажеттігін көтерді. Бұл жөнінде РИА Новости агенттігі хабарлайды.

Ақсақалдар кеңесіне қатысушылар ел президенті Гурбангулы Бердымухамедовке үндеу жасап, халыққа беріліп келе жатқан жеңілдіктерді, атап айтқанда табиғи газ, электр және суды тегін беруді алып тастауды сұраған.

Әлеуметтік көмектің «қарсыластары» мұны елдің жағдайы жақсарғанымен, ал мемлекет тарапынан үнемі көрсетілетін жеңілдіктер елде нарықтық реформа жүргізуге кедергі келтіретінімен түсіндіреді.

Түркіменстан президенті Ақсақалдар кеңесін қорытындылап, аталған мәселені шешу үшін жан-жақты таразылап барып, шешім шығару қажеттігін айтты. Президенттің пікірінше, мемлекет табиғи байлықтарды тегін таратудан бұрын, оны сақтап ұрпаққа қалдырып кету керек. Мемлекет басшысы бұл мәселені жіті зерттеуге үкіметке тапсырма беріп, нақты шешім шығаруды бұйырды.

Загрузка...