Түркіменстан президенті Көшпенділер ойындарына барады

52 просмотров

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедов II-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысады. Бұл туралы Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ресми мәлімет бойынша, түркімен басшысы қырғыз әріптесі Алмазбек Атамбаевтың шақыртуымен барады. Президенттің жұмыс сапары барысында президенттер жеке кездесіп, қырғыз-түркімен әріптестігі мәселелерін талқылайды.

Екінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Ыстықкөлде 3-8 қыркүйек аралығында өтеді. Этноқалашық Шолпаната қаласынан 30 шақырым қашықтықтағы Крычын жайлауында орналасқан.

Загрузка...