Түркіменстан президенті Берлинге барады

50 просмотров

29 тамызда Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедов ресми сапармен Германияға барады.

Берлинде ол канцлер Ангела Меркельмен және өзге де лауазымды тұлғалар мен жергілікті кәсіпкерлермен кездеседі.

Адам құқығын қорғайтын ұйымдар Германия билігіне Түркімен президентіне еліндегі адам құқығының жағдайына қатысты қысым жасауға шақырады.

Осының алдында Г.Бердымухамедовтің сапары 22 тамызға белгіленген болатын. Бірақ белгісіз себептермен кейінге шегерілді.

Загрузка...