“Анталья – Алматы” бағытындағы ұшақ Ақтау әуежайына қонып, 11 адамды түсіріп кетті.
Бұзақылық оқиға 12 қыркүйек күні түнде орын алған. Ақтау халықаралық әуежайының атқарушы директоры Ерғазы Жолдасовтың айтуынша, түрік компаниясына тиесілі ұшақ Ақтауға қонуға мәжбүр болған деп жазады Informburo.kz.
„Бұл жайт түнде болды. Ұшақ ішінде 11 адам өзара жандалдасып, төбелескен. Оларды балаларымен осында түсіріп кетті. Компания бізге хабарласып, жоспардан тыс қонуға мәжбүр екендіктерін, құқық қорғау органының көмегі керектігін айтты. Сөйтіп мұнда шекарашылар мен полиция қызметкерлері келді„ деп мәлімдеді ол.