Төреғали Төреәлі «Біртүрлі қыз» әніне бейнебаян түсіріп жатыр (фото, видео)

262 просмотров

Төреғали Төреәлі «Біртүрлі қыз» атты әніне клип түсіріп жатыр. 

Клиптегі Төреғалидың ғашығының рөлін «Қазақ аруы-2015» байқауының финалисі Әсел Мұстафаева сомдайды. Алайда түсірілім кезіндегі суретін салғаны сол екен Төреғалидың басы дауға қалды.

#Біртүрліқыз🎬

A photo posted by Төреғали Төреәлi (@toregalitoreali) on

Қолданушылардың көпшілігі Әсел Мұстафаеваны сынға алыпты. Әншінің жанкүйерлері «Түрік қызы ма?», «Расымен де түрікке ұқсайды екен», «Қазақ қызы табылмады ма?» деген сынды пікірлер қалдырған.

Әрине, жақтаушылар да табылды. Әселдің «Қазақ аруы-2015» байқауының финалисі болғанынан хабардар адамдар:«Қыз-жігіттер, тек біреуді сынап-мұқатқанды білесіңдер. Одан да осындай әнші баламыз Төреғалиға қолдау көрсетпейсіңдер ме?» деп жазды. 

Ал клиптің желісін Төреғали әзір жасырын ұстап тұр. Әншінің Инстаграм желісіндегі суреттері мен видеоларын қарасақ клип ретро стильде болатын сияқты. 

продолжаем 🎬📹🎥 #біртүрліқыз🎬

A video posted by @aselmustafaeva on

Загрузка...