Төреғали Төреәлі: «Аңсаған сәтте алтын алайық, шаршаған сəтте күміс алайық»

58 просмотров

Әнші Төреғали Төреәлі Рио Олимпиадасының жеңімпаздарына деген жылы лебізін өлең арқылы жеткізген екен. Өз өлеңінде ол Данияр Елеусінов пен Әділбек Ниязымбетовтың шаршы алаңдағы ерен еңбектерін ерекше атап өткен.

“Көтерді туды жұмылып бəрі,
Қиын сынақтан бұғып, ықпады…
Данияр менен Əділбектерім,
Алаштың алтын жұдырықтары!

Ұлдарды осы ұлы санайық,
Мақтанышпенен тыныс алайық.
Аңсаған сәтте алтын алайық,
Шаршаған сəтте күміс алайық!” – деп жазады Төреғали өзінің Инстаграмдағы парақшасында.

Өз кезегінде желідегі қауым Төреғалидің өлеңін оң бағалап, жүлде алған қос боксшыны жеңістерімен құттықтапты.

“Әділбек, күміске де шүкір. Алтынды Алла бұйырса аласың әлі. Сен мықтысың. Алланың қалауы осы болды.  “Қазақтың көк туын өзге елде желбіреткен осындай жігіттер аман болсын” дейді олар.

Загрузка...