Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі депозит ашқандардан ақы алмайтын болды

145 просмотров

Жергілікті атқарушы органда тізімде тұрғандардан, яғни мемлекеттік бағдарлама бойынша үй алудан үміттілерден Тұрғын үй құрылыс жинақ банктен депозит ашқаны үшін ақы алынбайды.

„Бәйтерек„ ұлттық басқарушы холдингі басқармасының төрағасы Ерболат Досаев бұл жеңілдік қолданысқа енгізілгелі жатқан „Қолдау„ банк өніміне қатысты мүмкін болатынын айтады.

— Жергілікті атқарушы органда тізімде тұрғандар „Қолдау„ өнімін тұтынса, онда Тұрғын үй құрылыс жинақ банктен 15 млн теңгеге дейін салымда келісімшартқа отырып, депозит аша алады. Ал қазір банк депозит ашқан кезде келісімшартта көрсетілген шекті салым көлемінің 0,55 пайызын ұстап қалады. Енді бұл арада ол ұсталмайды. Салым салу мерзімі аяқталғанда (кем дегенде 3 жыл) әкімдікте тізімде тұрғандар ең төменгі сыйақы мөлшерлемесімен, яғни жылына 3,5 пайыз көлеммен тұрғын үй займын алуға мүмкіндік алады, — деді ол.

Загрузка...