Тәліптер шабуылына ұшыраған Құндыз шаһарынан мыңдаған адам босып кетті

77 просмотров

Ауғанстанның солтүстігіндегі Құндыз қаласынан ондаған мың адам босып шықты. Қалада үкімет күштері мен «Талибан» қозғалысы соғысып жатыр.

БҰҰ мәліметі бойынша, содырлар қалаға шабуылдаған күн — 3 қазаннан бері Құндыз қаласынан кем дегенде 33 мың адам қашып шықты.

Кескілескен ұрыс жүріп жатқан стратегиялық маңызды қалада ауыз су, азық-түлік, дәрі-дәрмек тапшы, электр қуаты жоқ. Ауғанстанның босқындар жөніндегі министрлігі Құндыздан 100 мың адам босып кетті деп отыр.

86e28df4-b869-4688-b4e9-19d7f5ae61fc_w987_r1_s

 

Загрузка...