Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Сыра патшасы” Төлешовтың жаулары аяусыз жазаланған, “бөтелкемен” зорлаған

377

Шымкент сыра зауыты басшысы саяси амбициясымен ғана шектен шыққан адам болмай шықты. Оның садизмге, аяуандыққа да бейімі бар екен деп мәлімдейді телеарна тілшісі.

Міне, мынандай бейнежазбаны қанды қолдар өзінің бастығы – Қазақстандағы билікті басып алуды армандаған “сыра патшасына” түсіріп әкеліп беріп отырған.

Мына жігітті аяусыз текпінің астына алады, одан кейін шалбарын шешіп, бөтелкеге отыруға мәжбүрлейді. Осындай азғын тәсілмен Төлешовтың сарбаздары өз жауларын қорқытып-үркітіп отырған.

“Сыра патшасы” балалары қалай жүріп-тұрам десе, өзі білді. Ал оған кедергі етпек болғандар оның оққағарларының құрбанына айналып отырды.

Мұндай қылмысқа тапсырыс беруші үнемі сүттен ақ, судан таза болып шығады. Сыра зауытының қожайыны ұлан-асыр жасаған тойдың “гүлі” полиция дөкейлері мен қылмыс әлемінің серкелері екенін көруге болады.

Ол құқыққорғау саласындағы достарына сән-салтанатты сарайлар сыйға тарту еткен.

Тоқтар Төлешов:

– Басында билік бізбен болды. Кейіннен олар бізден теріс айналды.Неге екенін білмеймін, бұл, енді саяси жағдай, сондықтан неге олай болды деп айтуға келмейтін секілді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз