Сыр полицейлері Ақтөбеліктерге арнап қан тапсырды

32 просмотров

2016 жылғы 5-маусым күні Ақтөбе қаласында болған лаңкестік шабуыл салдарынан зардап шеккен азаматтарға көмек қолын созу мақсатында қызылордалық полицейлер қан тапсыру шарасына өткізді, — деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
IMG_9497Сөйтіп, Сыр өңірінің тәртіп сақшылары еліміз үшін қиын-қыстау сәтте туған халқымен бірге екендіктерін көрсетті.

Аталмыш шара Қызылорда облыстық Ішкі істер департаментінің ұйымдастыруымен маусым айының 13-15 күндері аралығында өткізілуде. Шараның басты мақсаты – қанды оқиғада көз жұмған құрбандарды еске алу және ауыр қазаға ұшыраған отбасылардың қайғысына ортақтасу, зардап шеккен азаматтарға көмек қолын созу.

13-маусымда таңғы сағат 9-дан бастап полиция қызметкерлері Облыстық медицина орталығына жиналып, өз еріктерімен қан тапсыру шарасын бастап кетті.

Қамқорлық акциясына түске дейін барлығы 50-ге жуық қызметкер қатысып, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің «қиналғанға қол ұшын бер» принципін басшылыққа алатындықтарын дәлелдеді. Шара 15-маусымға дейін жалғасатын болады.

Загрузка...