Сырқатынан сауыққан Елбасы Бас прокурорды қабылдады

72 просмотров

Кездесу барысында Жақып Асанов Мемлекет басшысына құқық қорғау органдарының жұмысы жөнінде мәлімдеп, «100 нақты қадам» ұлт жоспарын іске асыру жолындағы тапсырмалардың орындалу барысы туралы баяндады.

Қазақстан Президенті заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ ел тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыру қажеттігін атап өтті деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Еске сала кетелік, ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов бастаған 200 кәсіби маман Елбасының тапсырмасымен Ақтөбеде болып, жергілікті халыққа қызмет көрсетті. Әсіресе, осы сапар кезінде жастарды шағын кәсіпкерлікке баулу, жаңа кәсіпті ашу бойынша нақты шаралар қабылданғанын баса айта кетелік.

Загрузка...